Қазақстан Қағазы Тобының ұйымдық құрылымы төменде берілген:
Қазақстан Қағазы Тобының (Топ) холдингтік компаниясы Kazakhstan Kagazy PLC (PLC) болып табылады. PLC Мэн аралы, Ұлыбритания заңдарына сәйкес құрылған және әрекет ететін жария компания болып табылады.
PLC басшы органы Директорлар Кеңесі (PLC ДК) болып табылады. PLC ДК құрамына ДК Төрағасы басшылық етуімен бес директор кіреді.
ДК Төрағасы және PLC Директорлары Акционерлердің Жылдық Жалпы жиналысының (Жиналыс) шешімімен сайланады/қайта сайланады және лауазымынан босатылады. Кезектен тыс Жиналыс қажет болған кезде шақырылады.
PLC акциялары Лондон Қор Биржасы (LSE) негізгі алаңында Ғаламдық депозитарлық Қолхаттар (ҒДҚ) түрінде листингтен өтті. ҒДҚ Reg. S және 144A ережесіне сәйкес шығарылды және LSE және басқа халықаралық қор биржаларында сатылады.
PLC қаржылық есептілігін Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарттарына (IFRS) сәйкес жариялайды. PLC қаржылық есептілігі Топ еншілес компанияларының қаржылық есептілігін шоғырландырады.
Қазақстан Қағазы АҚ (ҚҚ АҚ) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін акционерлік қоғам болып табылады. PLC ҚҚ АҚ-ға 100% бақылау жүргізеді.
ҚҚ АҚ Топтың қолбасшы компаниясы болып табылады. ҚҚ АҚ Топ активтеріне және міндеттемелеріне ие және оларға билік жүргізеді. ҚҚ АҚ ішкі және халықаралық нарықта Топ мүддесін ұсынады, Топ әріптестерімен, несиегерлерімен, инвесторларымен және PLC акционерлерімен қарым-қатынасқа түседі.
ҚҚ АҚ Директорлар Кеңесі (ҚҚ АҚ ДК) екеуі тәуелсіз болып табылатын бес директордан тұрады. ҚҚ АҚ ДК ҚҚ АҚ Акционерлер кеңесі шешімімен сайланады және лауазымынан босатылады.
АҚ Бас Директоры, Қаржы Директоры және топтың қағаз және логистикалық кәсіптерінің Бас Директорлары ҚҚ АҚ ДК шешімімен тағайындалады.
Kagazy Recycling ЖШС (KR ЖШС) Қазақстанның заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады және Қазақстан Қағазы АҚ 100% еншілес кәсіпорны болып табылады. KR ЖШС Топтың қағаз кәсібінің дамуына жауап береді. KR ЖШС қызметін басқаруды Бас Директор жүзеге асырады.
Prime Estate Activities Kazakhstan ЖШС (PEAK ЖШС) Қазақстанның заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады және Қазақстан Қағазы АҚ 100% еншілес кәсіпорны болып табылады. PEAK ЖШС Топтың логистикалық кәсібінің дамуына жауап береді. PEAK ЖШС қызметін басқаруды Бас Директор жүзеге асырады.