Заманауи технологияларды және жабдықтарды қолдана отырып, «Kagazy Recycling» ЖШС компаниясы гофрлеуге арналған жоғары сапалы қағазды және тегіс қабаттарға арналған қағаз өндіреді. Компания өз клиенттеріне өндірілген қағазды өткізеді, сондай-ақ оны өзінің гофрленген картон өндірісі үшін қолданады.
Компания гофрленген картоннан ең кең спектр және сұрыптамадағы қаптаманы өндіреді. Өзінің жеңілдігімен қоса қажетті қаттылығының арқасында «Kagazy Recycling» ЖШС өндірген гофрленген картоннан жасалған қаптама жоғары үнемділігімен және тиімділігімен ерекшеленеді. Ол тез қаптауға, қауіпсіз тасымалдауға, ыңғайлы түрде қоймаға қоюға және сату үдерісінде иілімділікке жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы 040905, Алматы облысы Қарасай ауданы, Абай ауылы