2012 жылы өзара әрекетті және аймақтың транзит әлеуетін дамытуды үйлестіру деңгейін көтеру тақырыбында «РЕАК» (логистикалық және қоймалық инфрақұрылым операторы) компаниясымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел жұмысына «КТЖ» ҰК, «Казтранссервис», «МЭК Транссистема», «РЕАК», «ТИС-Интертранс» және басқа да компаниялар өкілдері қатысты.
Қатысушылар транзит әлеуетін іске асырудағы және контейнерленген жүктер айналысын ұлғайтудағы негізгі тежеуші факторлар арасында алшақ рельсті жақта (Қазақстан) бірінші кезекте жылжымалы құрамның (фитингтік платформалардың) жеткіліксіздігінен болған қазақ-қытай шекарасындағы Достық-Алашанькоу темір жол өткелінің өте төмен өткізу қабілеттілігін атап өтті, сондай-ақ Қазақстан, Белоруссия және Ресей Кедендік одағының режимінде шекара жұмысының механизмдерін өңдеумен байланысты үдерістерге назар аударды.
ТИС-Интертранс басшысы Айдос Досумбеков: «Достықта жүктердің бөгелуіне байланысты көлік компаниялары айыппұл санкцияларына тап болатыны, ал клиент жүкті уақтылы алмайтыны бүгінде ешкімге құпия емес. Бүгінде біз жүк айналысын ұлғайтуға дайынбыз, бірақ тұрып қалуға байланысты бұл қызмет толығымен тиімді емес».
«КазТрансСервис» АҚ вице-президенті Аркенов Б. мырза: «Бүгінгі күнде фитингтік платформалардың тапшылығы 1500 бірлікке бағаланады, қысқа және орташа мерзімдегі келешекте ТМД елдерінде жылжымалы құрамды жалдаумен, сондай-ақ контейнерлерді тасымалдауға арналған жартылай вагондарды пайдалану арқылы жабылатын болады.».
PEAK контейнерлік терминалының директоры Фархад Жапаров: «Қазақстанда ірі контейнерлік терминалға иелік ете отырып, логистикалық және қоймалық инфрақұрылым операторы РЕАК өз базасында шекара өткелдері бар тығыз көлік байланыстарын пайдаланатын контейнерлік хабты құруға дайындығын растауға, осылайша көлік үдерістерін оңтайландыруға жәрдем жасауға және шекара жанындағы көлік-логистикалық инфрақұрылым жетіспеушілігінің орнын толтыруға дайын. Біз сонымен қатар өзіміздің әріптестерімізге барлық бағыттар бойынша контейнерлік поездарды шоғырлау және қабылдау пунктін ұсынуға және РЕАК тобының әріптестер, сондай-ақ кейінгі клиенттер үшін тиімділікті арттыру және құнды азайту мақсатында терминал инфрақұрылымын инвестициялауды жалғастыруға ниетін растауға қуаныштымыз».
Ағымдағы мәселелерді шешу және логистикалық нарықты әрі қарай дамыту үшін «КазТрансСервис» АҚ вице-президенті Аркенов Б. мырза нарықтың барлық ойыншыларының күштерін шоғырландыру, сондай-ақ ағымдағы мәселелер мен міндеттерді шеше отырып, өзара әрекетті және ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жоспарларды үйлестіру үшін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды.
Фитингтік платформалардың жеткізудің бір қалыпты еместігімен байланысты қиындықтарға қарамастан, нарық ойыншылары жұмыс істеуге және бизнесті дамытуға ниет етіп отыр.
******

Баспасөз қызметінің басшысы
Ким Нелля
+7 727 244 87 96
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.