- Подробности
-
20.12.2011 12:27 жасалған
«Kazakhstan Kagazy» (бұдан былай “Топ”) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын мерейтоймен – Тәуелсіздік күнінің 20-жылдығымен құттықтайды!
Осы арқылы «Қазақстан Қағазы» АҚ компаниясы Бас директоры Таисия Когутюк және Топтың қағаз кәсібінің басшысы Ирина Евтушенконың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тағайындаған мерейтойлық медальмен марапатталғанын қуана хабарлаймыз!
Мерейтойлық медальдер Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.
Ақпарат үшін:
«Қазақстан Қағазы» АҚ Компаниялар Тобы 2001 жылы импорт алмастыру бойынша ҚР үкімет бағдарламасы аясында құрылған. Тәуелсіздік жылдары ішінде компания айтарлықтай табыстарға қол жеткізді: ыдыс картоны және гофр материалдарының ең ірі өндірушілерінің бірі және өз құнды қағаздарын Лондон қор биржасында орналастырған шынайы сектордың жалғыз компаниясы, сондай-ақ көліктік-логистикалық орталықтарды дамытудың үкіметтік бағдарламасы аясында «РЕАК» брендімен логистикалық кәсіпті дамыта бастаған алғашқы жеке компаниялардың бірі болды.
Бүгінгі таңда «Қазақстан Қағазы» компаниялар тобы - бұл қызметкерлерінің жалпы саны 1200- дей ірі кәсіпорын.
*****
Қандай да болсын сұрақтар туындаған жағдайда бізбен хабарласуыңызды өтінеміз:
«Қазақстан Қағазы» АҚ
Нелля Ким
7 727 244 87 96
Баспасөз
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
www.kazakhstankagazy.com