«Kazakhstan Kagazy» (бұдан былай “Топ”) өзінің еншілес компаниясы «Kagazy Recycling» ЖШС «Гофркартон өндірушілерінің Еуропалық Федерациясы» (FEFCO) Халықаралық Ассоциациясына (бұдан былай «Ассоциация») кіргенін қуана хабарлайды. «Kagazy Recycling» ЖШС Ассоциацияның Қазақстанда және Орталық Азияда корреспондент –мүшесі болған тек компания болып табылады.
Ассоциация гофрқаптама өндірісі алаңында кәсіби даму және білім алуға, бизнес байланыстарды жолға қоюға, әлемнің әр түрлі елдерінде бизнес жүргізу мәселелері бойынша кеңес беруге мүмкіндіктер береді.
«Kagazy Recycling» компаниясы және Ассоциация арасындағы ынтымақтастық бір жағынан халықаралық гофрқаптама нарығы қатысушыларына жаңа технологиялар туралы, Қазақстандағы өндірістік компаниялар жұмысының ерекшелігі туралы хабарлауға, екінші жағынан «Kagazy Recycling» компаниясына халықаралық гофрқаптама нарығындағы даму үрдістері туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Бас директор Ирина Евтушенко: «Біз халықаралық нарықта ұсынылған гофркартонның басқа өндірушілерімен бірлескен жұмыстың маңыздылығын және пайдалылығын ұғынып отырмыз. Біз үшін гофркартон нарығы негізгі үрдістерін түсіну, даму бағыттарын сезіну, қажеттіліктер мен проблемалар туралы түсінігіміздің болуы өте маңызды. Ассоциацияға кіргеніміздің арқасында біздің компаниямыз халықаралық деңгейге шыға алады».
Ақпарат үшін:
«Kagazy Recycling» ЖШС 1200-ге жуық қызметкері бар «Қазақстан Қағазы» ЖШС еншілес кәсіпорны болып табылады.
Бұл Орталық Азия аумағындағы ең ірі ыдыс картоны және гофрматериалдар өндірушісі. Компания гофркартоннан жасалған қаптама өнімінің кең сұрыптамасын ұсынады. Бұл - азық-түлік өнімдеріне, тұрмыстық химияға, құрылыс материалдарына, жиһазға арналған картон қораптар, тасымалдау ыдыстары және тағы да басқа көптеген заттар.
Гофрөнімі өндірісі үшін «Kagazy Recycling»-де өз өндірісі қағаз және картон, сондай-ақ ресей өндірушілерінің қағазы және картоны қолданылады. Біздің өнімдеріміздің басты артықшылықтарының бірі халықаралық сертификатттармен расталған экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.
«Гофркартон өндірушілерінің Еуропалық Федерациясы» (FEFCO) Халықаралық Ассоциациясы 1952 жылы құрылған. Бүгінгі таңда бұл Еуропадағы гофрқаптама өндірушілерінің барлығын дерлік біріктірген ұйым. Ассоциация мүшелерінің өндіріс көлемі – жыл сайын 40 млрд.шаршы метрді құрайды. Ассоциация мүшелері кәсіпорындарда барлығы 100 000 қызметкер бар.
*****
Қандай да болсын сұрақтар туындаған жағдайда бізбен байланысуыңызды өтінеміз:
«Қазақстан Қағазы» АҚ
Нелля Ким 7 727 244 87 96
Баспасөз қызметі
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
www.kazakhstankagazy.com