- Подробности
-
27.08.2018 14:35 жасалған
«Kagazy Investments» АҚ «Қазақстан Қағазы» АҚ акционерлерінің, сондай-ақ ірі кредитор «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның белсенді әрекеті нәтижесінде және басқа ірі кредиторлардың қолдауымен «Қазақстан Қағазы» АҚ компаниялар тобы кредиторлардың алдындағы қарызын өтеу жұмысын жалғастырып келе жатқанын қуана хабарлайды.
«Kagazy Investments» АҚ «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның кредиторлардың талабын толық өтеуге ерекше ниетті екенін растайды. Кредиторларға төлемнің жалпы сомасы оңалту үдерісін басталған кезден бастап ағымдағы күн бойынша 2 054,5 млн. теңгені құрады. Бұл ретте «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның оңалту жоспары компания «Forte Bank» АҚ-ның мәлімдемесімен Алматы облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тарапынан банкрот болып танылған 2017 жылдың 23 қарашасына дейін асыра орындалды.
Бірінші сатыдағы соттың шешіміне үдеріске қатысқан кредиторлардың көпшілігінің шағым жасағанына қарамай, апелляциялық сатыдағы сот бір кредитордың – «Forte Bank» АҚ-ның ұстанымын қолдады. Дегенмен, кредиторлардың көптеген өтініштерінің нәтижесінде 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты компанияны банкрот деп тану туралы сот актілерін қайта қарау туралы өндірісті қайта қозғады. Қазақстан Респубикасының Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 16 шілдедегі Қаулысымен «келтірілген және қолдаухаттарда көрсетілген басқа да дәлелдер кассациялық сатыдағы соттың сот отырысында тексеруге жататын сот актілерін қайта қарауға негіз бар екенін куәландырады» деп анықтайды. Осыған байланысты біз әділеттілік үстемдік құрады, «Қазақстан Қағазы» АҚ-ны банкрот деп тану туралы сот актілерінің күші жойылады және компанияға кредиторлардың алдында (ең ірі кредитор «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ болып табылады) талаптарды өтеу мүмкіндігін жалғастыру мүмкіндігі беріледі деп үміттенеміз».
Өзінің төлем қабілеттілігіне және тұрақтылығына деген сенімділік негізсіз емес, өйткені «Қазақстан Қағазы» АҚ өз меншігінде Алматы облысында 600-ден астам адам жұмыс істейтін қағаз және картон өндіру бойынша ірі зауыты, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сияқты жақын шетел елдерінен инвестицияларға ие.
Сонымен қатар бұдан бұрын, 2018 жылғы 28 ақпанда хабарланғандай, Англия Әділеттілігінің Жоғарғы сот «Қазақстан Қағазы» АҚ-ның бұрынғы басшыларына (М. Әріп және Ш. Диханбаева) талап қоюшыларға, олардың қатарында «Қазақстан Қағазы» АҚ-да бар, 315 млн. АҚШ доллары сомасында төлеу туралы үкім шығарды. Сотта анықталғандай, «мүлдем «адал емес» бұрынғы басшылар алдау жолымен кредиторлар тобының және Лондон қор биржасының ІРО-дан тартылған қаражатты заңсыз иемденген.
Компания «Қазақстан Қағазы» АҚ және оның еншілес компаниялары ағылшын соты шешімінің орындалу нәтижесінде алған қаражатты кредиторлардың талаптарын өтеу үшін пайдалануға ниетті. Қазіргі таңда «Қазақстан Қағазы» АҚ компаниялар тобы бұрынғы акционерлердің активтерін іздеу және оларды өндіріп алу жұмысын жалғастырып келеді.